Түнде көпқабатты үйлерде бала жылағаны үшін көршілер шағымдана ала ма?

Түнде көпқабатты үйлерде бала жылағаны үшін көршілер шағымдана ала ма?
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде "түнде бала қатты жылағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға болатыны" туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда ІІМ тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделетін заң нормасы дұрыс түсіндірілмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша құқықбұзушылық - тұрғын үйде немесе оның сыртында сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шулы әрекеттерді жасау. Десе де полиция жеке немесе заңды тұлғадан түскен арыз бойынша ғана тексеріс жүргізеді.

"Әрбір хабарлама жеке қаралып, құқықбұзушылықтың объективті және субъективті жақтары анықталады. Шу деңгейінің күндізгі және түнгі уақытта рұқсат етілген мөлшерлері белгіленген. Сәбилердің жылауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз емес", - деді ІІМ өкілдері. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget