"Түнде бір қыз жылап хабарласты". Танымал кинорежиссер Баян Мақсатқызының бағын ашқанын айтты

"Түнде бір қыз жылап хабарласты". Танымал кинорежиссер Баян Мақсатқызының бағын ашқанын айтты
Фото: Фотоколлаж

Танымал кинорежиссер Талғат Теменов "Махаббат бекеті" киносындағы Гүлназ рөлін сомдаған Баян Мақсатқызының туралы "Адал адам" youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Баян Мақсатқызының бағын ашқан.

"Оның бағын аштым деп сеніммен айта аламын. Қазақта "Бұлақ көрсең, көзің аш" деген сөз бар", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, режиссер киноның шынайы шығуына сценарий себеп болғанын да айтты.

"Повестті 1977 жылы жаздым. Ол кезде Талдықорғанда театр актері едім. Осыдан 2-3 жыл бұрын түнде бір қыз зар еңіреп хабарласты. "Талғат аға, мен "Гүлназ" повесін оқып, зар еңіреп жылап отырмын. Мұншама сұлу дүниені қалай жаздыңыз?" деді. Повестте таза махаббат болмаса, кино болмас еді. Киноның негізгі өзегі оның сценарийіне байланысты. Өз басым Баямен сөйлеспегеніме біраз болды. Бүгінгі руханиятта Баян өзінің талантымен, еңбегімен дәлелдеген талантты қыздарының бірі", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы