Тұмау кезінде майлы және ащы тағамдарды, сондай-ақ, салқын сусындар мен жаңғақтарды бас тартқан дұрыс. Бұл туралы дәрігер Регина Вуколова РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңғақ жеу ұсынылмайды, себебі тұмау кезінде тамақтың шырышты қабығы қабынып, құрғақтық пайда болады, ал жаңғақ оны одан әрі ушықтыруы мүмкін", - деді Вакулова.
Оның айтуынша, дәл осы себепті ыстық әрі ащы тағамдардан да уақытша бас тартқан жөн.
Дәрігердің сөзінше, тұмау кезінде жылы тағам ішіп-жеген дұрыс, сондай-ақ, тамақты жылы сумен жиі шайып отырған пайдалы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz