Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат 16 жасында тұрмысқа шыққанын сынап жатқандар көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай Бегейдің қызын алып қашып кетіп, әнші "Қызымның таңдауын құрметтеймін" деп, қызына ақ батасын берген болатын.
Кейін қызы ұзатылған кезде Абай Бегейдің басқа бір құдалықта ән айтып жүргенін сынағандар көп болды.
Әнші Абай Бегей алыпқашпа әңгімелердің бәріне нүкте қою үшін жақында жазба жариялайтынын мәлімдеді.
"Әр түрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет! Келесі постта қалай болғанын, не болып жатқанын толық салатын боламын…" - деп жазған ол қызымен бейнебаянын жариялады.
Әлеуметтік желідегі әншінің оқырманы болса: "Туған анасы жоқтығы білініп қалды, анасы тірі болғанда күйеуге тигенге асықпас еді, ең бірінші білімді ойлар еді" деген пікір қалдырыпты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!