Ортодонт Альмудена Эрраис тіс сарғаюының бірнеше себебі барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, кофе, қызыл шарап, шай сияқты сусындар, сондай-ақ, кейбір дәмдеуіштер тіске дақ түсіреді. Мысалы куркума. Сондай-ақ, маман темекі де тіс сарғаюына әкеп соғатынын ескертті.
Тіс сарғаюының үшінші себебі - жас ерекшелігі. Альмудена Эрраистің айтуынша, тіс кіреукесі уақыт өте келе сарғыш реңкке ие болуы - қалыпты жағдай.
Сонымен қатар, бұл мәселе белгілі бір дәріні ішу салдарынан және генетикалық бейімділікке байланысты туындауы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін стоматолог-гигиенист Инна Гришина тістің түсі өзгеруіне ғана емес, ауыз қуысының жалпы жағдайына әсер ететін бірнеше факторды атады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова