Аязда бас киім кимеу шаштың түсуіне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында дәрігер-дерматовенеролог, трихолог Елена Завьялова ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қыста бас киімді бәрі киюі керек. Нөлден төмен температурада бас терісіндегі қан тамырлары тарылып, шаш фолликулдары қоректенбей қалады. Соның салдарынан шаш баяу өсіп, көп түсе бастайды", - деп түсіндірді Завьялова.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер Ноэль Шербер дымқыл шашпен ұйықтау зиян екенін айтты.
Шербер осы әдеттен бас тартуға болатын төрт себепті атады. Біріншіден, су шаш әлдеқайда нәзік әрі сынғыш келеді, сондықтан ұйқы кезінде оңай зақымданады. Екіншіден, маманның сөзінше, бас терісі ылғал болғанда түрлі бактериялар көбейюі ықтимал. Үшіншіден, бастың терісінде ұсақ бөртпелер пайда болып, фолликулит (шаш түбі қабынуы) дамуы мүмкін. Бұған жастықта жиналатын тері майы, макияж, кір-қоқыс және бактериялар себеп болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!