• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Трамп өзіне арналған қола ескерткішті ашты

Трамп өзіне арналған қола ескерткішті ашты
Фото: x.com/ac132

АҚШ президенті Дональд Трампқа "Қасқая қарсы тұру монументі" атты ескерткіш сыйға тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

АҚШ-тағы беделді гольф-клубтардың бірі – Trump International Golf Club аумағында Трамп бейнесіндегі жетінші футтық қола ескерткіш орнатылып, салтанатты түрде ашылды. Бұл ескерткішті Трампқа Нью-Йорк штатының 21-округінен конгресс депутаттығына бұрын кандидат болған кәсіпкер Энтони Константино сыйлаған.

"Қасқая қарсы тұру монументі" деп аталатын бұл ерекше мүсін Trump International клубының ғимараты мен 27 лункадан тұратын гольф алаңының алғашқы шұңқыры арасында көзге бірден түсетін жерде орналасқан. Оны клубтың барлық мүшелері көре алады", – деп жазды Энтони Константино әлеуметтік желіде (X платформасында).

Президент Трамп пен Константино ескерткіш жанында кездесіп, артынша гольф ойнауға кеткен. Оларға қонақтар – Константиноның досы әрі кеңесшісі болған Роджер Стоун және Трамптың ұлы Барронның досы Бо Лоудон қосылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget