Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Бүгін Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған әйелдің қатты ауырып жатқанын мәлімдеп, қазақстандықтардан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәнібек асырап алған бельгиялық әйелдің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты.
"Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Оған тіпті өлім қаупі төніп тұр. Мен өгей шешеме көмектесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Соңғы бірнеше айдағы жағдайлар бізге ауыр тиіп тұр. Бірақ сіздерден тағы да көмек сұрағалы отырмын. Мен бұл дүниеде жалғыз қалғым келмейді. Маған менің отбасым, туған шешем керек. Анашым, менің өтінішімді естимісіз? Мен өмір бойы сізді ойлап, іздеп, бір көрсем деп армандаумен келемін. Құрметті адамдар, маған туған анамды табуға көмектесіңіздерші", - дейді Жәнібек видеода.
Сондай-ақ, ол видео астына жазба қалдырған.
"Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер!
Мен 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анамды іздеп бардым.
Соңғы айларда біз анамды табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткіздік.
Мысалы, "Бармысың, бауырым?" редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы мен туған кезде басқа баламен ауыстырылған болуым мүмкін екенін анықтады.Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар, менің оқиғамды естімей жүрген шығар... мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін ғой...
Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ.
Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, бауырлар!
Өтінемін, осы видеоны барынша таратыңыздаршы. Өтінішім туған анама немесе туыстарыма жетеді деп үміттенемін""Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Оған тіпті өлім қаупі төніп тұр. Мен өгей шешеме көмектесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Соңғы бірнеше айдағы жағдайлар бізге ауыр тиіп тұр. Бірақ сіздерден тағы да көмек сұрағалы отырмын. Мен бұл дүниеде жалғыз қалғым келмейді. Маған менің отбасым, туған шешем керек. Анашым, менің өтінішімді естимісіз? Мен өмір бойы сізді ойлап, іздеп, бір көрсем деп армандаумен келемін. Құрметті адамдар, маған туған анамды табуға көмектесіңіздерші", - дейді Жәнібек видеода.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гемоглобинді неше айда көтеруге болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!