Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екеуін студияға шақырған - тележүргізуші Динара Сәтжан.
Айгүл Иманбаеваның бұрынғы күйеуі, актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева жақында "Көке" фильміне бірге түскен болатын. Алайда сұхбат жаңа туынды туралы емес, Айгүл Иманбаеваның өміріндегі жаңа кезең туралы сұрақтан басталды.
"Сіз бұрынғы күйеуі ретінде Айгүл ханымға екінші рет тұрмысқа шығуға рұқсат бердіңіз бе?" деп сұрады Динара Сәтжан Сәбит Әбдіхалықовтан. Ол болса "Батамды бердім" деп қысқа қайырды. Алайда Динара Сәтжан "Қалай айттыңыз, телефонмен бердіңіз бе?" деп сұрақ қойды.
Сәбит Әбдіхалықов ағынан жарылып, Айгүл Иманбаевамен қарым-қатынасы туралы айтып берді.
"Осыдан екі жыл бұрын туған күнін жасаған. Сол кезде тілек айтқанда "оқыттың, өнерге баулыдың, екі рет үйлендірдің, рақмет саған, мама" дедім. "Енді келесі тойыңда тілек айтайық. Күйеуге шығып, бақытты бол, сол қуанышыңа келейік" деп батамды бердім. Бірақ әлі тойға шақырмады", - деп күлді ол.
Еске салайық, жақында Айгүл Иманбаева шетелде тұратын қазақ жігітіне тұрмысқа шыққанын айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!