Әнші, хитмен Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлы Заңғар Нұртастың екінші рет үйленетінін хабарлады. Бұл туралы ол Ұйқым келмейді бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сұхбат барысында Нұртас Айдарбеков болашақ құдаларының Қазақстанның оңтүстігінен екенін айтып қалды.
"Тойдың ауылы алыс емес. Адамнан жасырғанмен, Алладан жасыра алмайсың. Құдай қаласа болып қалатын шығар деген үміттеміз. Тәтті шәй іштік. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймыз. Ертеңгі нәрсені айтудың өзі қиын болып қалды. Дегенмен үмітсіз емеспіз. Бұл ешқандай құпия емес. Балаңның басы екеу болып жатса, ол қуаныш. Үміт бар, тілегіміз бар", – дейді Қайрат Нұртастың әкесі.
Айта кетейік, бұған дейін Заңғар Нұртастың бірінші некесі сәтсіз болғанын жазып едік. Ажырасқанына 5 ай болған Заңғар бөгде қызбен көзге түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!