Алматыда үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
№2 қалалық перинаталдық орталықта 27 жастағы әйел бірден үш ұлды дүниеге әкелген. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2022 жылы тұңғышын босанған әйел төрт жыл бойы жүкті бола алмаған.
"Ұлдардың салмағы 1 740-тан 1 978 грамға дейін, ал бойы 34-тен 37 сантиметрге дейін жетеді. Ата-анасы оларға Омар, Мирас және Мүслім деген есімдер таңдады. Туғаннан кейін сәбилердің бірі екі күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазір үшемнің барлығы да СИПАП терапиясын алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты бақылауда", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматыда 603 егіз және 6 үшем дүниеге келген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова