"Торпақтар - қызғаншақ, Шаяндар - ренжігіш". Жұлдыз жорамал бойынша негізгі кемшілігіңіз қандай?

Астрологтар әр жұлдызнама белгісіне тән қасиеттер бар екенін айтады. Massaget.kz жұлдызнама белгілерінің кемшіліктерін ұсынады.

Тоқты

Тоқтылар - өте төзімді жұлдызнама белгісі. Сондай-ақ олар мақсатына ұмтылады. Бірақ жиі мақсатына жетер жолда кедергілерді көрмейді. Ол оның жақын достары және туыстары екеніне қарамайды. Тоқтылардың көңіл күйі жоқ кезде және ойындағысы жоспармен жүрмей жатырған кезде алдына түспеуге тырысыңыз. Себебі олардың ең басты кемшілігі – агрессия мен өзін-өзі ұстай алмауы.

Торпақ

Торпақтар мансап бойынша жетістікке ерте жетеді. Олар жылдан жылға алдына қойған мақсатына жетуге бейім. Себебі олар еңбекқор. Олар капиталды сақтай алады, жинай алады және көбейте алады. Алайда бұл белгі өкілдері қызғаншақ.

Егіздер

Бұл жұлдызнама белгісінің өкілдері туғанынан белсенді және қызыққұмар. Олардың қызығушылығы Бикештерді мамандығын, араласатын ортасын және хоббиін жиі ауыстыруға итереді. Олар жаңа шарттарға жылдам бейімделеді және жаңа достарды тез табады. Егіздер – көңілді және өзіне баурап алатын жұлдызнама белгісі, бірақ оларға құпияларыңызды бөлісудің қажеті жоқ. Себебі Егіздер қызба мінезді.

Шаян

Шаян – өте интуитивті жұлдызнама белгісі. Шаяндар өнерді өте жақсы сезінеді және шығармашыл адамдар. Алайда олар ренжігіш. Шаяндар сіздің кез келген көңіл күйіңізді сезеді және кездейсоқ айтып қалған сөзіңізді немесе қалжыңды өзіне жақын қабылдайды.

Арыстан

Арыстандар өз қателігін ешқашан мойындамайды. Оған қоса, олар басқаларға талапшыл. Арыстанға кішкентай болсын сын айтсаңыз, оның "жауына" айналасыз. Сондай-ақ Арыстандар өзімшіл, алайда олар шынымен де таңдануға лайық.

Бикеш

Бикештер бәрін бақылауда ұстайды. Сондай-ақ олар басқаларға да талапшыл. Олар өз үйлерін тазалықта ұстайды және қонаққа барған үйін де реттегісі келеді немесе сізге сол жайлы тұспалдап айтады.  

Таразы

Таразылар - туа біткен эстеттер. Олар әдемі және эксклюзивті заттарды, стильді және лайықты жерлерді, шығармашыл адамдарды жақсы көреді. Таразылардың кемшілігі жоқ десе де болады, себебі олар ешкіммен сөзге келмейді және өте ақылды. Алайда олар бәріне ұнағысы келеді. Сондықтан олар жанжалдасушы екі жақтың бір жағына шыға алмайды. Соның салдарынан олармен қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін. Таразылар әдемі заттарды ұнатады, сол үшін кейде соңғы ақшасына дейін өзіне ұнаған затты сатып алуға дайын.

Сарышаян

Сарышаяндар басқа адамдарды басқармаса, олар оны басқарады деп санайды. Сол үшін де оны болдырмас үшін түрлі қолжетімді әдістерді пайдаланады. Егер Сарышаянның жауына айналсаңыз, ол сізді аямайтынын біліңіз. Сарышаян секілді қу және қауіпті ойыншы жоқ.

Мерген

Мергендер сізден ештеңе жасырмайды, себебі олар мүлдем өтірік айта алмайды. Олардың тік мінезін басқалар кейде дұрыс түсінбей қалады. Оған қоса, Мергендер кең ойлайды және жиі детальдарды жіберіп алады, сондықтан  басқаларға олардың ойы шашыраңқы болып көрінуі мүмкін. Мергендер жалықтыратын іспен айналыспайды, олар бұл жайлы сізге ашып айтып, кетіп қалады.

Тауешкі

Тауешкілер еңбекқор және жинақы. Салмақтылық – олардың визит картасы. Сондықтан олар басқаларға суық және үнемшіл болып көрінеді. Тауешкілер адамға өтірік күліп қарай алмайды. Жалпы олар эмоциясын көрсетуге қиналады. Мейірімсіздік – олардың басты кемшілігі.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар ерекше идеяларға толы және әрқашан жаңа әсерлер іздеп жүреді. Оларды бір жерде ұстау қиын. Суқұйғыштардың дарындылығын басқалар түсіне бермейді. Оларды жиі қиялшыл және біртүрлі санайды. Бұл белгі өкілдерінің табиғи қулығы бар, олар өздерінің бұл қасиетін мақсаттарына жету кезінде қолданады.

Балықтар

Балықтар - өте эмоционалды жандар. Олар өз эмоциясын жасыра алмайды. Сондықтан олар әркез бірдеңеге көңілі толмайтындай көрінеді. Сондай-ақ Балықтар жалқау келеді.

Оқи отырыңыз: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал