“Торға түскен торғай болдым“. Әнші Ляззат Байырбекова не үшін ажырасып кеткенін айтты

“Торға түскен торғай болдым“. Әнші Ляззат Байырбекова не үшін ажырасып кеткенін айтты
Фото: instagram.com/lazzat_bayirbekova

Танымал әнші Жазира Байырбекованың әпкесі әнші Ляззат Байырбекова Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінен неге ажырасып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұрынғы күйеуінен ажырасу себебін атады.

"Кентау қаласына келін болып түстім. Біз студент кезімізде таныстық. Оқуымның 4-курсын бітіре сала тұрмыс құрдым. Бірақ біз Кентауда емес, Алматыда тұрдық. Сол үйге кірдім, бәрі бітті, байланыс үзілді. Марқұм әкем "қызым торға түскен торғайдай болыпты ғой" деп айтыпты. Мен ол кезде сөйлейтін адам емес едім, үндемейтінмін.

Менде аса бір келіндік өмір болған жоқ. Ол үйде жаным қысылады, кетіп қаламын, үйдегілер қайтадан апарып тастайды. Ақшалы үйге бардым. Өзім қарапайым отбасыдан шыққанмын. Мені төмендетті. Ол жаныма батады. Сол үйден кетуіме әкемнің бір сөзі ғана көмектесті. Дүние, еш нәрсе алмай, бір халатпен шығып кеткен адаммын. Рухым қысылған сияқты, түрмеден шыққандай сезім болды", - деді Ляззат Байырбекова.

Ляззат Байырбекова бұл тақырыпты қозғағысы келмейтінін айтты.

"Ешкімді жамандағым келмейді. Сондықтан да осы тақырыпты жылы жауып қоя саламын. Келіндік өмірім келіп-кетумен өтті. Бұл маған үлкен соққы болды. "Жақсы болып кетесіңдер" деп қайта алып келеді, мен қайта кетемін. Осылайша, шашырап жүрген өмір болды", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова