- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Топан су келсе,...
"Топан су келсе, не болады?" Әли Оқаповтың әйелі Атыраудағы ата-анасын уайымдайтынын айтты
Танымал әнші, "Асыл" тобының мүшесі, Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында Атыраудағы су тасқынына байланысты ата-ана, туған-туыстарын уайымдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі шарасыз күйде отырғанын жасырмады, өйткені ата-анасын не Алматыға көшіру керегін не Атырауда қалдырып, күту керегін білмейді.
"Сәлем, достар. Қалдарыңыз қалай? Көңіл күй жоқ. Сол баяғыдай Атыраудағы, жалпы Қазақстандағы жағдай, Петропавлдың жағдайы өте нашар, Оралды су басып жатыр, Атырауға судың келіп-келмейтінін білмейді, адамдарды бір эвакуациялайды, бір қайтарады. Халық моральдық тұрғыдан шаршады. Мен Атырау тумасы болғандықтан, барлық туыс, дос-жаран, ата-анам сол жақта, қалай боларын білмеймін. Иә, су келеді, кейін кетеді, содан кейін болатын жағдайға өте қатты алаңдаймын. Қарапайым халық бұрынғы тұрмысына өздері қайта келе алмайды ғой, қаншама үй кетті. Бір Құлсарының өзін ойлаудың өзі қорқынышты. Атыраудағы анам, бауырларым бәрін Алматыға көшіру керек пе әлде Атырауда қалып, күту керек пе? Ертең үлкен су келсе, не болады? Үйге 5 сантиметр су кірсе де, 5 метр су кірсе де, үйге су кірсе енді ол тұруға жарамсыз деген сөз. Оның бәрі қалай орнына келеді? Бір шешімін тауып, ипотекаға болсын үй сатып алып, Алматыға көшіріп алсам, жаным тыныш бола ма деп ойлаймын. Ой көп. Сіздер не істеп жатырсыздар атыраулықтар?" - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қай жаңғақ ең пайдалы?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә