Танымал әнші Ақбота Керімбекова "Мархабат" тележобасына берген сұхбатында ұлының да өнер жолына таңдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші алғашында ұлының әнші болғанын қаламағынын жасырмады.
"Иә, қазақ эстрадасы жаңа лирик әншімен толықты. Ұлым қазір ән айтып жүр. Мен екі ұлымды да шетелде оқыттым. Қанша дегенімен ер бала ғой деп өзінің мамандығы болса немесе жеке кәсіппен айналысса екен деп ойлайтынмын. Ал өнер қосымша болса деп едім, бірақ әр баланың өз талғамы ғой. Қытайдан келді де, "анашым, мен ән айтқым келеді" деді. "Айтсаң, айт" деп батамды бердім. Ұлым сахнаға алғаш осыдан 10-15 жыл бұрын бірге ән кешімде шыққан. Өзім бағыт-бағдарын беріп тұрамын.
Менің ұлымның талғамы жастарға жақын. Оған "сені халық лирика әнің арқылы қабылдап жатыр, осы әнмен жарыққа шығып таныл, одан кейін қандай жанрда ән айтсаң да, жарасады" дедім. Мен ұлымды негізі лирик әнші ретінде көремін. Енді ары қарай өзі талпысына қарай көреді. Қай ата-анасы перзентін жаман болсын дейді. Кез келген ата-ананың арманы - балаларының байып, бақытты болуы", - деді әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ халқы түсті қалай жорыған?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!