Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев жаңа туған сәбиіне өлең арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында күні кеше дүниеге келген қызына жантебірентерлік жазба жариялады.
"Күн сәулесі төгіліп келбетіңе,
Құрсағында анаңның тербетіле,
Толғағы жоқ әкеңді толғандырып,
Қызым менің, қош келдің жер бетіне", – деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншіні жарыса құттықтады.
Еске салайық, 23 қыркүйекте Мейрамбек Бесбаевтың әйелі қызды болғанын хабарлады. Бұл танымал әншінің үшінші баласы. Одан бөлек, Мейрамбек Бесбаев пен жұбайы Мархабат Бесбаеваның бір қызы және бір ұлы бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!