Тамыз айы барлық жұлдыз белгілері үшін қызықты болмақ. Бұл аптада өз потенциалыңызды ашуға және қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін ерекше мүмкіндіктер ашылады.
Тоқты
(21 наурыз-20 сәуір)
Сізді жұмысты ысырып қойып, демалуға мүмкіндік беретін жақсы уақыт күтіп тұр. Сіз оған лайықсыз! Кәсіби тұрғыда бұл аптада көптеген ұсыныстар түседі, бірақ қаржылық жағынан олардың барлығы бірдей сәтті бола бермейді. Мансап бойынша алға жылжуыңызға және өз жолыңызды табуыңызға бұрынғы таныстарыңыз ықпал етуі мүмкін. Күтпеген іссапарға шығуыңыз мүмкін.
Торпақ
(21 сәуір - 20 мамыр)
Торпақтар үшін бұл апта белсенді болмақ. Бұл белсенділіктің себепшісі Торпақтардың өздері болады. Кәсіби салада басшылық ұсыныстарыңызды жақсы бағалауы, ал қаржылық салада қызықты жобалар пайда болуы мүмкін. Отбасылы Торпақтар өз жақындарын сыйлықтармен қуантады және жауап ретінде қамқорлық пен қолдау алады. Ал жалғысбасты Торпақтар танысуда белсенділік танытады.
Егіздер
(21 мамыр - 20 маусым)
Егіздер алдыңғы қарбалас кезеңнен шығып, өзіне босаңсуға мүмкіндік береді. Отбасы және жақын адамдар ортасында өткізілген демалыс Егіздердің эмоционалды тепе-теңдігіне оң әсер етеді. Яғни, Егіздер күйзелістен соң қалпына келіп қана қоймай, ішкі тепе-теңдіктің орнағанын және күштің келгенін сезеді. Ал қаржылық жағынан жағдай тұрақты болмақ. Егіздердің денсаулығы олардың эмоционалды және психологиялық жағдайымен тығыз байланысты.
Шаян
(21 маусым - 22 шілде)
Күтпеген жерде тағдырлы танысу болуы мүмкін: жағажайда, кафеде, достар ортасында, концертте. Серігіңізбен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Қарым-қатынастағы келіспеушілікті уақытында шешкен жөн, себебі ол ажырасуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ бұл аптада кәсіби және материалдық сұрақтармен байланысты проблемалар туындауы мүмкін. Бұл шешілетін проблемалар, тек Шаяндардың күш салуын қажет етеді. Эмоционалды және физикалық жағдайыңызды жақсарту үшін адамдар көп жиналмайтын жерлерге, мысалы, табиғатқа шығу көмектеседі.
Арыстан
(23 шілде - 22 тамыз)
Сізді жаңа қызықты жобалар, білім, біліктілікті арттыру, қосымша кіріс көздері күтіп тұр. Белсенді араласу сіздің мансап бойынша көтерілуіңізге ықпал етеді. Бұл жаңа тиімді байланыстар орнатуға арналған жақсы уақыт. Өз ептілігіңіз бен дағдыңызды интернетте жарнамалауға қорықпаңыз.
Бикеш
(23 тамыз - 22 қыркүйек)
Кәсіби салада сіз үшін үлкен өзгерістер кезеңі басталмақ. Жас мамандарды қызықты сапар күтіп тұр. Серіктестермен келісімдер түрлі себептермен созылып кетуі мүмкін. Болашақ серіктестіктің қаржылық шарттары талқыланады және ол оңай болмауы мүмкін. Бұрын көрсеткен қызметіңіз үшін еңбекақы аласыз немесе сізге өзіңіз ұмытып кеткен қарызыңызды қайтарады. Отбасыңызға, әсіресе, балаларыңызға көбірек уақыт бөліңіз.
Таразы
(23 қыркүйек - 22 қазан)
Бұл кезде үй мен жұмыстың ортасында үлгеріп жүру керек болады. Ғашық Таразылар өте эмоционалды және шыдамсыз болады. Қызғаншақтық пен ренжігіштік романтикалық көңіл күйді бұзады, сондықтан шыдамдылық танытып, шешім қабылдауға асықпаңыз. Отбасылы Таразыларда жылжымайтын мүлікке қатысты жоспарлар пайда болады. Жұмыстағы жағымсыз жағдайларды жүрегіңізге жақын қабылдамауға тырысыңыз. Әйтпесе, бұл күйзеліске түсуіңізге, ал ол өз кезегінде денсаулығыңызға кері әсер етеді.
Сарышаян
(23 қазан - 21 қараша)
Сарышаяндардың мансабы және кәсіби жетістіктері үшін қолайлы кезең басталмақ. Болашағы зор жаңа жұмысқа орналасуға немесе қазіргі жұмыста мансап бойынша көтерілуге мүмкіндік туады. Аптаның бірінші жартысына жоспарланған сапарлар сәтті болмақ. Жалғызбасты Сарышаяндар серігін кездестіруі мүмкін. Сарышаяндардың денсаулығы тұрақты болады, ал қаржылық жағдайы жақсарады.
Мерген
(22 қараша - 21 желтоқсан)
Мергендер бұл аптада өз дене сымбаттылығына және зиянды әдеттерден арылуға аса мән береді. Көпшілік Мерген сыртқы келбетін жақсарту және артық салмақтан арылу үшін сауықтырушы диеталарды бастайды. Ал кей Мергендер имиджін түбегейлі өзгертуді қолға алады. Бұл шаралар сізді қатты шаршатады. Сондықтан аса беріліп кетудің қажеті жоқ, тепе-теңдік сақтауға тырысыңыз. Себебі бұлардың бәрін басынан бастау қиынға соғуы мүмкін.
Тауешкі
(22 желтоқсан - 19 қаңтар)
Бұл аптада қомақты сомаға зат сатып алудан аулақ болыңыз. Сондай-ақ күмәнді серіктестермен мәмілеге отырмаңыз. Қазір әр қадамыңызды нақты жоспарлап, әрекет ету маңызды. Қосымша жұмыс немесе хобби жақсы қаржылық кіріс әкеледі. Тамақты артық жеуге құштарлық пайда болуы мүмкін. Бұл аптада денсаулығыңызды жақсартуға бағытталған процедураларға бару артық етпейді.
Суқұйғыш
(20 қаңтар - 18 ақпан)
Суқұйғыштар бұл аптада зияткерлік проблемаларды шешумен болады. Ғылым немесе білім беру саласында жұмыс істейтін Суқұйғыштар үлкен жетістіктерге жетеді. Апта соңында достармен кездесу жан-дүниеңізге жағымды әсер етеді. Суқұйғыштар жақындарының проблемаларын шешуге көмектеседі.
Балықтар
(19 ақпан - 20 наурыз)
Шығындарыңызды бақылауда ұстаңыз. Бұл аптада ақша үнемдеген жөн. Денсаулығыңызды күтіңіз. Жұмыста өзгерістер енгізіледі және бұл сіздің жұмысқа қуана баруыңызға ықпал етеді. Бұл аптада шығармашылық потенциалыңызды ашып, өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Туған күніңіз қашан? Майя жұлдыз жорамалы бойынша мықты және әлсіз тұстарыңызды анықтаңыз.