"Қазгидромет" Астана, Алматы және тағы 7 қаланың тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"6 шілдеде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Астана қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстанда ауа райының шұғыл өзгеретінін хабарлаған еді. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ түседі, ал басқа аймақтарда температура +40 градусқа дейін көтеріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!