Әнші Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай Мұқасан Шахзадаевқа қатысты іс қандай баппен тергеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы - "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша тіркелген.
"Қазір тергеу жүріп жатыр", - деді адвокат.
Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен шыққан. Ғалымжан Сүлейменнің сөзінше, кейін жағдай ушығып, бірнеше адаммен жүрген Мұқасан Шахзадаев оған күш қолданған.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Кеше танымал әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!