- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Терең ұйқыдан оянғасын,...
"Терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым". Мұхамеджан Тазабек Түркияда ота жасатты
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзіне ота жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Құрметті достар! Маған білдірген тілектестіктеріңізге, жасаған дұға-баталарыңызға көп рахмет! Алладан қайтсын! Отадан өтіп, терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым, сосын жақындарыма, туыс-достарыма амандығымды білдірдім. Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт. Заманауи емхана, білікті дәрігерлердің алдында жатсаң да, арнайы ниеттеніп, аз-кем дайындықпен келсең де "быламыққа тіс сынатынын" білетін әлсіз пенде ретінде уайымдайсың. Ал енді аяқ астынан апатқа ұшыраған немесе отты ошақтарда үйіне бомба түсіп, қансыраған хәлде пышаққа түсіп жатқан бауырларды ойлағанда, жағдайларын шынайы түсінгенде аза бойың қаза болады… "Ия, Алла, бізге көтере алмайтын ауыр сынақ берме, ал, қиындықтан күйзеліп жатқандарға жеңілдігіңді жібер" деп күбірлеп, дұға қылғаннан басқа қолдан келер шара жоқ", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желідегі мәліметке сүйенсек, Мұхамеджан Тазабек бір жарым жыл бұрын аяғын сындырып алған. Отасыз ем жасап көрсе де, сүйек бітпеген. Сынған сүйек жазылудың орнына басқа да ағзаларды бүлдірген көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы