Тердің жағымсыз иісінен қалай құтылуға болады?

Тердің жағымсыз иісі әдетте айналадағы адамдарға айтарлықтай әсер етеді. Кей адамдар қанша күтініп, таза жүрсе де табиғатынан тершең болады. Сол себепті спортпен айналысу, ыстық күндері серуендеу оларға қиындық тудырады. Massaget.kz сайты тердің жағымсыз иісінен құтылудың жолдарын ұсынады.

Әрдайым жуыну
Ең бірінші әдіс — үнемі жуыну. Таңертеңгісін және кешкі уақытта душ қабылдау керек. Одан бөлек тершең аймақты тұзды сумен жууды әдетке айналдырған дұрыс.

Дезодорантты қолдану
Дезодорант тердің иісін кетіруге және терді азайтуға көмектеседі. Теріңіздің түріне сәйкес келетін және құрамында зиянды химиялық заттар жоқ дезодоранттарды таңдаңыз.

Табиғи матадан жасалған киім киіңіз
Мақта, зығыр немесе жібек сияқты табиғи материалдардан жасалған киімдерді киіңіз, олар терінің тыныс алуына мүмкіндік береді және тердің иісін сақтап қалмайды.

Ащы және майлы тағам жемеңіз
Ащы және майлы тағамдар адамды жиі терлетеді. Одан бөлек тердің иісіне де әсер етеді.

Тальк қолданыңыз
Талькты қолдану артық терді сіңіріп, жағымсыз иісті кетіруге көмектеседі. Терінің жағдайын жақсартады.