- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Теодор мен Илаяның...
“Теодор мен Илаяның әкесі“. Мақпал Исабекова алғаш рет күйеуін көрсетті
Танымал қазақстандық әнші Мақпал Исабекова алғаш рет отбасылық суретін жариялап, күйеуін көрсетті. Әнші бұған дейін күйеуінің суретін еш жерде жарияламаған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық суретін жариялап, күйеуімен таныстырды.
"Танысып қойыңыздар, Теодор мен Илаяның әкесі Родион Викторович", - деп жазды ол.
Еске салайық, Мақпал Исабекова 2021 жылдың шілде айында тұрмысқа шыққан болатын. Әншінің тыңдармандары мен әлеуметтік желідегі оқырмандары оның жеке өміріне қызығушылық білдіріп, түрлі сұрақ қойғанымен, өнер иесі жеке өмірін құпия ұстайтын. Тіпті жақында мұндай сұрақтардан мезі болған Мақпал Исабекова әзілге толы жазба жариялаған еді.
"Ол менің күйеуім емес. Ол үйленбеген. Ол ұсқынсыз. Ол бандит. Мен оның тоқалымын. Нұсқа көп, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Маған бәрібір", - деп жазған еді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева