- Негізгі бет
- LifeStyle
- Теңіз, кеме, романтика:...
Теңіз, кеме, романтика: Бекхэмдер қалай демалып жүр?
Дэвид пен Виктория Бекхэм демалысқа аттанды. Қазір ерлі-зайыптылар Сен-Тропеде уақыт өткізіп жүр. Демалыс күндері ерлі-зайыптылар люкс яхтамен ашық теңізге шықты. Виктория отбасының 24 жылдығын шілтерлі нәзік ақ көйлекпен атап өтті. Бір қызығы, Дэвид Виктория киімін сулап алмау үшін оны кемеден жағажайға көтеріп апарды. Сондай романтикалық көрініс!
Атақты жұптың 17 жастағы ұлы Круз бен 11 жастағы қызы Харпер ата-анасымен бірге тойлады. Бұдан кейін отбасы швейцариялық миллиардер Эрнесто Бертареллимен бірге мейрамханаға асқа барды.
А. Оралқызы