Ғалымдар никотин жасөспірім миының дамуына кері әсер ететінін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соның ішінде:
Бұдан бөлек темекі мен вейптің денсаулыққа мынадай зияны бар:
"Кей жастар кальянды қауіпсіз деп қабылдайды. Алайда сарапшылардың айтуынша, бір рет кальян шегу - 100 темекі тартқанмен тең. Оның түтініндегі никотин, шайыр және ауыр металдардың мөлшері темекіден 3–5 есе көп болуы мүмкін", - дейді сарапшылар.
Кальянды жабық бөлмеде шеккенде, оның түтіні инфекциялық аурулар таралуына жағдай жасайды. Ал бір мүштікті бірнеше адам қолдануы - жұқпалы аурулар үшін тікелей жол.
"Кальян – ағзаны улайтын құрал ғана емес, жастарды тәуелділікке итермелейтін әлеуметтік құбылыс. Ол темекіден де қауіпті", – деді Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Роза Тәтиева.
Сарапшылардың пікірінше, адам зиян әдеттен неғұрлым ертерек бас тартса, оған қайта оралу ықтималдығы соғұрлым азаяды.
Айта кетейік, кейінгі жылдары Қазақстанда темекі шегетіндер саны 30 пайызға азайған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!