Телефонсыз демалыс: маман миды тынықтыратын қарапайым тәсілдерді атады

Телефонсыз демалыс: маман миды тынықтыратын қарапайым тәсілдерді атады
Фото: depositphotos.com

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы Робин Пикеринг телефонға телміріп демалудың орнына пайдалы балама ұсынды. Оның кеңесін Good басылымы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Пикерингтің айтуынша, жуырда ол миы шайқалып, екі ай бойы компьютер, телефон және теледидар экранына қарамауға мәжбүр болған. Осы үзілістен кейін ұйқысы жақсарып, ойы жинақталып, жаны тынышталғанын байқаған.

Осындай әсерге қол жеткізгісі келетіндерге маман тыныштықта демалып, таза ауада серуендеуге кеңес береді. Оның сөзінше, кітап-журнал оқу, күнделік жазу, жеңіл жаттығу жасау немесе гаджетсіз жаяу жүру секілді қарапайым әрекеттер де адамды жақсы тынықтырады.

Пикеринг цифрлық құрылғылардан толық бас тарту міндет емес екенін атап өтті. Бастапқыда теледидар көріп отырып телефон ұстамау немесе жұмыста бір істен екіншісіне жиі ауыса беруді азайту жеткілікті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget