Тексер! Мидың қаншалық жылдам қартайып жатқанын анықтайтын тест

Тексер! Мидың қаншалық жылдам қартайып жатқанын анықтайтын тест
Фото: depositphotos.com

Профессор Дэвид Бартрес-Фас бастаған Барселона университетінің халықаралық ғалымдар тобы мидың қартаюының әртүрлі қарқынымен байланысты үш түрлі психологиялық типті анықтаған зерттеу жүргізді. Жұмыс Nature Mental Health журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зерттеушілер жеке психологиялық ерекшеліктердің деменция қаупіне, ми қызметінің нашарлау жылдамдығына және ұйқының сапасына қалай әсер ететінін түсіну үшін орта жастағы және егде жастағы мыңнан астам адамның деректерін зерттеді. Нәтижесінде олар үш негізгі психологиялық профильді анықтады.

"Теңдестірілген" деген атау берілген алғашқы профиль көптеген қорғаныс фактордың әсерінен мидың қартаюы кешіктірілген адамдарды біріктірді. Бұл адамдар үнемі жаңа тәжірибеге ашық. Оларда танымдық және ақыл-ой қабілеттері жоғары деңгейде дамыған, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанады.

"Қорғаныс факторларының төмен деңгейі" деген атау берілген екінші профиль интроверсиясы және ақыл-ой икемділігі төмен адамдарды біріктірді. Оларда когнитивті қабілеттердің нашарлауы, мидың айқын атрофиясы және салауатты өмір салтына бейімділіктің төмендеуі бар.

Үшінші профиль - "Жағымсыз қасиеттердің жоғары деңгейі" - стресс пен жағымсыз ойларға бейімділігі жоғары қатысушыларды біріктірді. Оларда мазасыздық, депрессия, жалғыздық, ұйқының бұзылуы және деменция қаупінің жоғарылау белгілері бар.

Бартрес-Фас болашақ алдын алу бағдарламалары әр адамның психологиялық қасиеттерінің ерекше үйлесімін ескеруі керек екенін атап өтті. Мысалы, қорғаныс факторлары аз адамдар үшін қабылдау терапиясы сияқты өмірдің мағынасын табуға көмектесетін терапевтік әдістер пайдалы болуы мүмкін. Теріс белгілері - басым адамдар үшін стресс деңгейін төмендететін әдістер қолайлы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә
Logotype Massaget