- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Тек әйелімнің тамағын...
"Тек әйелімнің тамағын жеймін". Құрмаш Маханов ел білмейтін құпиясын бөлісті
Фото:
Әлеуметтік желі
Танымал әнші Құрмаш Маханов ел білмейтін құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Оян" бағдарламасында бөлісті.
"Ер адамның да, әйелдің де өзі міндеті бар. Отбасы - кішігірім мемлекет. Жанұядағы тыныштық, береке ауызбіршілікте болатын нәрсе. Әйелім "қандай тағам әзірлейін?" деп сұрайды. Ал сол тамақты жеу маған парыз болып қалады. Ал егер мен оны жасамайтын болсам, оның күні бойы жасаған тірлігі зая кетеді. Бұл - сый-құрмет. Мен мейілінше сырттан тамақ ішпеуге тырысамын, оның үстіне, келіншегім тамақты дәмді етіп жасайды. Түрлі-түрлі тамақ жасайды", - дейді өнер иесі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек