Тоқаев Катар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты

Тоқаев Катар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қолжеткізу" атты екінші Катар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шара Bloomberg агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды және шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің қамқорлығымен өткізіліп отыр. Форум "Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі" тақырыбына арналған.

Форум жұмысына Мемлекет басшысынан бөлек Того президенті Фор Гнассингбе, Намибия президенті Хаге Гейнгоб, Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка елдерінің бірқатар министрі мен үкіметтерінің лауазымды тұлғалары қатысады.

Сонымен Катар форум сессияларына Honeywell, Asyad Group, Ислам даму банкі, Tesla, Qatar Airways, The Boeing Company, QatarEnergy, Kuwait Petroleum Corporation, Southwest Holdings, Accor, Marriott International, Tingo, National Petroleum Corporation of Namibia, MeTL Group, Volkswagen, Dorna Sports, International Airlines Group, Infarm, Vitol, Franklin Templeton, Тhyssenkrupp, Roubini Macro Associates, DAMAC Properties, Trip com Group, Standard Chartered, Exxon Mobil Corporation, Google Cloud және басқа да халықаралық жетекші корпорациялар мен ұйымдардың басшылары жиналды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев In Conversation with President Tokayev атты арнайы панельдік сессияға қатысады деп жоспарланған. Оны Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэнни жүргізеді.

Катар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсыну көзделіп отыр.

Д. Шәріпхан