Facebook бәсекелесі: Жаңа әлеуметтік желі пайда болды

Facebook бәсекелесі: Жаңа әлеуметтік желі пайда болды
Фото: vk.com

Уикипедия платформасының негізін салушылардың бірі – Джимми Уэйлс WT: Social аталатын жаңа әлеуметтік желі ұсынды.

Жарнамасыз сапалы контент жариялауды басты мақсат тұтқан желі Facebook-ке бәсекелес болары анық. Осылайша кликбейт-технология негізін пайдаланып, бизнес модельді жарнамаға бағыттаған желілер жұмысы тоқтауы мүмкін. Себебі олар қолданушыларға сапалы әрі қажет дүниенің аз мөлшерін ғана береді.

Уэйлстің ойынша, Netflix пен Spotify адамдардың сапалы тауарға ақша төлеуге дайын екеніне дәлел бола алады.

WT: Social әлеуметтік желісі қазан айында жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында 50 мың адам тіркеліп үлгерді.

А. Оралқызы