Asus екі бірдей 4К экраны бар ноутбук шығарады

Asus екі бірдей 4К экраны бар ноутбук шығарады

Asus компаниясы екі бірдей экраны бар ZenBook Duo және ZenBook Pro Duo ноутбуктарын таныстырды. Құрылғыда негізгі экран және пернетақта үстінде қосымша дисплей болады, - деп хабарлайды The Verge.

ZenBook Pro Duo ноутбугы екіншісіне қарағанда үлкен. 15,6 дюймді OLED-экранмен (экран тұнықтығы 3840:2160 пиксель) жабдықталған. ZenBook Duo болса 14 дюймді. Экран тұнықтығы 1920:1080 пикселді құрайды. Қосымша дисплей арқылы қолданушының мүмкіндігі артады. Әсіресе сенсорлы болуы қолайлы саналуда.

Ноутбуктар Intel Core i7 немесе і9 процессорларымен жабдықталған. Видеокартасы - NVIDIA GeForce MX250 немесе RTX 2060.

ZenBook Pro Duo ноутбугының салмағы 2,5 кило болса, кішісінің салмағы 1,8 кило тартады.

Компания жаңа тауарларының құнын жариялаған жоқ. Ноутбук нарыққа шығатын үшінші квартал басында белгілі болмақ.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?