Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Samsung 5G байланыс жүйесіне арналған смартфон шығарды

Samsung 5G байланыс жүйесіне арналған смартфон шығарды

Samsung 5G байланыс жүйесіне арналған смартфон шығарды

Samsung компаниясы уақыт көшінен кешігіп қалған емес. Мобильді технология әлеміндегі соңғы өзгерістерді назарға ала отырып, өз өнімдерін күн санап жаңартып келеді. Оңтүстік Кореяда 5G байланыс жүйесінің қосылғанын ескеріп, жаңа смартфондарын таныстырып та үлгерді.

5G байланыс жүйесі жуырда қолданысқа енетінін болжаған мамандар жаңа смартфондарын дайындап та үлгерген. Жаңа өнімдері Samsung Galaxy S10 5G деп аталады. Таныстырылым салтанатына Оңтүстік Кореяның үш компаниясы өкілдері қатысты. Бұл үш компания Оңтүстік Корея бойынша қолданушыларына 5G байланыс жүйесін ұсына бастағаны жайлы жазған болатынбыз.

Компания өкілдері 5G байланыс жүйесінің артықшылықтарына да тоқтала кетті. Әсіресе интернеттің жылдамдығы әлдеқайда жоғары әрі сапалы болады екен.

Samsung Galaxy S10 5G қашан нарыққа шығатыны әзірге белгісіз. Бағасы шамамен 1200 АҚШ доллары көлемінде болмақ.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Hotsprice
Қосылған күні: 08 сәуір, 10:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.