WhatsApp қара түске боялмақ

WhatsApp қара түске боялмақ
Фото: YouTube

WhatsApp мессенджерін құрастырушылар желінің жаңа мүмкіндігін сынақтан өткізуде. Жуық арада мессенджерде қара түсті режим пайда болмақ.

Қара түсті таңдау мүмкіндігі Android платформасындағы құрылғылар үшін қолжетімді болады. Мессенджердің 2.19.82 бета-нұсқасына тест ретінде енгізілген. Қолданысқа толықтай қашан енгізілетіні нақтыланған жоқ.

Қара түсті режимді қолданушылар өздері таңдайды. Таңдағаннан кейін мессенджер қара түске боялып, ал жазу ақ түсті болады.

Мессенджерді құрастырушылар желінің жаңа мүмкіндіктерін күн санап дамытып келеді. Жуырда ғана спам ақпараттармен күресуді және сурет бойынша іздеу жүйесін іске қосатындары жайлы хабарлаған болатын.

Н. Үсенова