Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 Max лайнерінің ұшуына тыйым салынды

Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 Max лайнерінің ұшуына тыйым салынды

Еуропаның авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Эфиопиядағы әуе апатынан кейін Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 Max ұшақтарының ұшуына тыйым салды.

Эфиопия еліндегі әуе апатында Ethiopian Airlines-ке тиесілі Boeing 737 MAX ұшағының бортында болған барлық 157 жолаушы мерт болған. Осы жағдайдан соң Еуропаның авиациялық қауіпсіздік агенттігі шұғыл шешім қабылдады. 

"EASA қауіптің алдын алу үшін Boeing 737 Max 8 және 737 Max 9 ұшақтарының Еуропа аумағында ұшуын уақытша тоқтатуға шешім қабылдады", - делінген агенттіктің мәлімдемесінде. 

10 наурыз күні болған әуе апатында сегіз экипаж мүшесімен қатар 35 елдің азаматы қайтыс болды. Қазір Қытай, Индонезия, Вьетнам, Сингапур, Австралия, Малайзия, Оман, Германия, Ұлыбритания, Эфиопия, Норвегия, Аргентина, Бразилия, Мексика, Моңғолия, Марокко, ОАР, Оңтүстік Корея және Ирландия мемлекеттерінде Boeing 737 Max 8 ұшағының ұшуына тыйым салынды. 

Жан алғыш ұшақ. Неге "боинг" құлап жатыр? 

Бұған дейін белгілі болғандай, 256 Boeing 737 Max 8 және 737 Max 9 ұшақтарында ақау болуы мүмкін. Америкалық компанияның өндіріс кезінде жіберген қателігінен кейін ақау ұшақтың тұмсық бөлігінің иілуіне әкелетінін және мұндай кезде ұшақтың басқаруға көнбейтіні белгілі болған. 

Бүгін ҚР Өндіріс және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті Қазақстан аумағында Boeing 737 MAX ұшағының ұшуын уақытша тоқтатты. Елімізде Boeing 737 MАХ ұшағы тек SCAT компаниясында бар. 2017 жылы қазақстандық әуе тасымалдаушы Boeing компаниясымен осы типті алты ұшақты сатып алуға келісімшартқа отырған болатын. Әзірге тек бір Boeing 737 MАХ қолданыста.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
"Азаматтық позицияңды ұмытпау". ER-BATYR жобасында – Рауан Кенжехан
"Азаматтық позицияңды ұмытпау". ER-BATYR жобасында – Рауан Кенжехан
Баланы тіс тазалауға қалай үйрету керек?
Баланы тіс тазалауға қалай үйрету керек?
Жердің ғарыштан түсірілген таңғажайып 7 фотосуреті
Жердің ғарыштан түсірілген таңғажайып 7 фотосуреті
Пандемия кезінде қазақстандықтар бара алатын 11 ел
Пандемия кезінде қазақстандықтар бара алатын 11 ел