Nokia бес камерасы бар смартфон шығарды

Nokia бес камерасы бар смартфон шығарды
Фото: hi-tech.mail.ru

Nokia брендімен өнім шығаратын Финляндияның HMD Global компаниясы жаңа смартфондарын MWC 2019 мобилді көрмесі кезінде таныстырды. Жаңа смартфонның ерекшелігі - артында бес камерасы бар, - деп хабарлайды The Verge.

Nokia 9 PureView – бес камерасы бар алғашқы смартфондардың бірі. Бес камерасы да 12 мегапикселден. Оның үшеуі монохромды болса, екеуі  түрлі түсті. Барлығының жиынтығы арқылы сурет сапалы әрі анық шығады.

Смартфон Qualcomm Snapdragon 845 платформасымен жабдықталған. Аккумуляторының қуаты - 3,32 мың А/сағ. Жедел жады - 6 гб, ал ішкі жады 128 гб-ны құрайды. Арнайы құлаққап жалғағышы жоқ.

Nokia 9 PureView өткен жылы таныстырылуы керек болған. Алайда сурет сапасын арттыру мақсатындағы бес камераны біріктіру үшін жоспардан артық уақыт кеткен.

Жаңа смартфон наурыз айында АҚШ-та сатыла бастайды. Бастапқы бағасы 699 доллар (262 125 теңге) шамасында болмақ.

Н. Үсенова