Apple оқушылар мен студенттерге арнап iPad шығарды

Apple оқушылар мен студенттерге арнап iPad шығарды
Фото: AppleInsider

Танымал Apple корпорациясы Чикагода оқушылар мен студенттерге арналған жаңа iPad планшетін таныстырды.

Жаңа iPad-тың сырты көрінісі осыған дейінгі өнімдеріне ұқсас. Apple Pencil арқылы жұмыс жасауға болады. Яғни, сурет салуға немесе мәтінді белгілеу үшін арнайы қаламын қолдана аласыз.

Ipad-тың салмағы 450 грамм шамасында. Ал батареясының қуаты 10 сағатқа жетеді екен. Камерасы – 8 МП, сондай-ақ Touch ID қызметі де бар. 2017 жылғы нұсқасынан бір айырмашылығы - процессоры күшейтілген. А9 чипінің орнына А10 Fusion чипі орнатылған. Сондай-ақ студенттер үшін iCloud жады 5 ГБ-тан 200 ГБ-қа дейін ұлғайтылған.

Студенттер мен оқушылар үшін жаңа iPad-тың құны – 299 доллар (95 479 теңге), ал сатып алушылар үшін 329 доллар (105 059 теңге) болмақ. Ал Aplle Pencil-дің құны 89 және 99 доллар болмақ.

Ө. Сансызбай