Италияда мүлде балалар үйі жоқ

Италияда мүлде балалар үйі жоқ
Фото: google.com

Италияда 2006 жылы барлық балалар үйі жабылды. Бірақ бұл ақпарат елде жетім балалар мүлде жоқ дегенді білдірмейді. «Каза-фамилья» атты мекеме ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың тәрбиесімен айналысады. Бұл жерде тек кәмелетке толмаған жас балалар ғана емес, 18-ден асқан жасөспірімдер де күнелтеді. Тек, бұл мекемедегі бала саны 12-ден аспауы керек.

Италияда нәрестелердің туу процесі өте баяу жүреді. Бұл жердегі әр отбасыда 1-2 ғана бала бар. 3 балалы отбасылардың қатары өте сирек. Бала сүю бақытынан айырылған ерлі-зайыптылардың қарасы қалың болғандықтан, ерікті түрде бала асырап алуға кезек 5 жылға дейін созылады.

Италиялық аналар қауымының 34-40% алғашқы нәрестелерін 35 жастан асқаннан кейін дүниеге әкеледі екен. 35-ке дейінгі аналардың басым көпшілігі шетелдік азаматшалар. 20-25 шамасындағы италиялық қыздардың қолға бөпелерін көтеріп, көшеде серуендеп жүргенін көру мүмкін емес. Мүмкін болған жағдайда да өте сирек.

Бұл халық үйлену тойына да үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сол себепті, бұл кештің жоғары деңгейде өтуі үшін, материалдық жағдайларын қалыпқа келтіріп, той күніне көп көңіл бөледі.

Италия жасөспірімдері Еуропадағы артық салмақтылардың бірінші қатарында тұр. Кола, газдалған лимонадтар, пицца, фри, паста, фаст-фуд өнімдерін көп мөлшерде тұтынғандықтан баланың пішіні сұрықсыз күйге енеді.

А. Қажиев