Hyperloop жаңа рекорд орнатты

Hyperloop жаңа рекорд орнатты
Фото: www.digitaltrends.com

Tesla Motors компаниясының басшысы Элон Маск осыдан бірнеше жыл бұрын вакуумды транспорт жүйесі идеясын ұсынған болатын. Содан бері осы идеяға қатысты бірталай стартаптар дамытылып келеді. Элон Масктің өзі де бұл жүйені дамыту үшін бар күшін салуда.

Tesla инженерлері дайындаған Hyperloop капсуласы SpaceX компаниясының сынақ алаңында тестілеуден өтіп жатыр. Соңғы сынақ нәтижесіне орай, капсула сағатына 355 шақырым жылдамдықты бағындыра алды. Бұл бұрын соңды болмаған жаңа рекорд болып отыр.

Элон Масктің айтуынша, SpaceX алаңындағы вакуумды труба жарық жылдамдығынан да озып кете алады. Бүгінде бұл сынақ алаңында өзге де стартапшылар өз тәжірибелерін іс-жүзінде дамытып жатыр. Олардың ішіндегі ең үздігі болған неміс стартапшылары Hyperloop аналогын сағатына 324 шақырым жылдамдыққа дейін жеткізе алды.

Америкалық миллиардер вакуумды транспорт жүйесін коммерциялық жобаға айналдыруды жоспарлап отыр. Туннельдерді құрумен айналысатын The Boring Company де Элон Маск активтеріне жатады. Мамандардың айтуынша, жақын болашақта Hyperloop бағытын құрумен дәл осы компания айналысуы мүмкін.

Ж. Өрісбай