WhatsApp қолданушылар саны миллиардқа жетті

WhatsApp қолданушылар саны миллиардқа жетті
Фото: whatsapp.com

Өткен жылы осы уақытта WhatsApp мессенджерінің ай сайынғы қолданушылар саны миллиард көлемінде болатын. Бүгін аталған онлайн қызметтің күнделікті қолданушылар саны 1 миллиардқа жетіп отыр. Бұл туралы Facebook корпорациясының басшысы Марк Цукерберг ресми мәлімдеді.

Facebook ағымдағы жылдың екінші кварталындағы есебін жариялады. Жалпы Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінің бір күндік қолданушылар саны 2 миллиардтан асқан. Оның ішінде 1,3 миллиард белсенді қолданушылары Facebook әлеуметтік желісін күнделікті қолданады.

"Біздің мақсат – әлемге тек байланыс сыйлау емес, адамдарды бір-біріне жақындату. Сондықтан бізге әрбір қолданушы маңызды. Кез келген өтінішті өз уақытында жылдам өңдеуге тырысамыз",– деп жазады Марк Цукерберг Facebook парақшасында.

Ресми ақпаратқа орай, WhatsApp әлемнің 60 тілінде пайдалануға берілген. Қолданушылар мессенджер арқылы күніне 55 миллиард хат, 4,5 миллиард сурет және 1 миллиард видео жібереді.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың маусым айында Facebook желісінің бір айдағы қолданушылар саны 2 миллиардқа жетсе, сәуір айында Messenger-дегі белсенділер саны 1,2 миллиардтан асқан. 

Ж. Өрісбай