Google Glass көзілдірігі жаңартылды

Google Glass көзілдірігі жаңартылды
Фото: yvision.kz

Google Glass – заманауи компьютерлердің соңғы үлгілерінің бірі. Google компаниясы өз өнімінің жаңа нұсқасын дайындап, оны Enterprise Edition деп атады. Ресми ақпаратқа сәйкес, смарт-құрылғының дисплейі үлкейіп, Intel Atom процессорымен жабдықталған. Сондай-ақ, қуат жинақтағышының мүмкіндігі артқан.

9to5google ресурсының жазуынша, Google Glass өнімі A4R-GG1 құпия кодымен АҚШ-тың Федералды байланыс комиссиясында (FCC) тіркелген. Жаңа гаджетте Wi-Fi және Bluetooth модульдері бар.

Үлкейтілген экран көздің көру аймағын үлкейтіп, түсетін ауыртпалықты азайтады. Айта кетсек, Google Glass смарт-көзілдірігінің алғашқы өнімі бірнеше техникалық қателіктері мен шектеулері үшін сынға ұшыраған еді. Google инженерлері енді мұның бәрі ескерілгендігін, жаңа өнімнің шын мәнінде пайдалы боларын айтады.

Ж. Өрісбай