Asus компаниясы HTC брендін сатып алмақ

Asus компаниясы HTC брендін сатып алмақ
Фото: www.wmbfnews.com

Қытайлық HTC компаниясының акциясы күннен-күнге төмендеп барады. Егер компания басшылары жақын арада сату жоспарын жарияламаса, кейін мүлде келеңсіз жағдайға ұшырауы мүмкін. Бұл үдерісті бақылап отырған тайвандық Asus компаниясы стартапты сатып алып, смартфондар нарығының үлескері атануды жоспарлап жатыр екен. Бұл туралы Asustek компаниясының бас директор Джонни Ши (Johnny Shih) акционерлердің жыл сайынғы жиынында ресми пікірін білдірді.

Reuters ақпараттық агенттігінің мәлімдемесіне орай, Asustek компаниясының қаржы директоры Дэвид Чан (David Chang) жаңа келісім жасау идеясы әзірге қызу талқыға салынып жатқанын айтады. Дегенмен, акционерлер тобы әзірге компанияны сатып алу туралы нақты шешім қабылдаған жоқ. Дэвид Чанның айтуынша, Asustek өзге компанияны қосып алу арқылы емес, іштен үлкеюді мақұлдап отыр.

Айта кетейік, HTC One M9 смартфоны сатылымға шыққалы бері HTC компаниясы өз құнының 50%-н жоғалтты. Жаңа өнімнің әлемдік нарықта сұранысқа ие болмауы өндіріс ағымын 30%-ға қысқартуға алып келді. Бүгінде өндіруші күн сайын миллиондаған қаржы шығынға батуда.

Қазіргі әлемдік нарықта компанияның толық құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Ал 2011 жылы HTC $33,8 миллиардқа бағаланған болатын. Сарапшылардың айтуынша, егер Asus шындығында сатып алуды жоспарлап жатса, қазір соның дәл уақыты болып тұр.

Ж. Өрісбай