Samsung айна тәріздес OLED-дисплей шығарды

Samsung айна тәріздес OLED-дисплей шығарды
Фото: www.businesswire.com

Қытайдың Гонконг қаласында өткен халықаралық іс-шарада Samsung компаниясы айна тәріздес OLED-дисплейін таныстырды. Техно сарапшыларының ойынша, оңтүстіккореялық жаңа өнім болашақта кеңінен қолданылатын болады.

Компания айна тәріздес дисплейдің өнімін негізгі жолға қоюды жоспарлап отыр. Аталған жоғары технологиялық өнім киім ауыстыру бөлмелерін виртуалды платформаға өзгертіп, екі түрлі функция қызметін атқару мақсатында кеңінен қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, Samsung жаңа дисплейді ыммен және дыбыспен басқарылатын жарнама беттерінде пайдаланбақ.

Әйткенмен де, бұл идеяны толығымен жүзеге асыру үшін инженерлерге біраз уақыт қажет болады. Сондықтан олардың жаппай қолданысқа ену уақыты туралы ақпарат берілмеді. Одан бөлек, дислпей нарығында компанияға бәсекелес бола алатын көптеген стартап өндірістік орталықтар бар екені белгілі. Ендеше нарықтың үлесі кімде көп боларын уақыт көрсетеді.

Ж. Өрісбай