- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар ағаштан қолданбалы...
Ғалымдар ағаштан қолданбалы процессор жасады
Бүгінде табиғи қазбалардың таусылу қаупі ғалымдарды алаңдатып отыр. Сондықтан инженерлер шикізаттың орнына биологиялық таза шикізатты пайдаланудың амалын қарастыруда. Висконсин университетінің (АҚШ) ғалымдары осындай идеяның төңірегінде зерттеу жүргізіп, ағаштан қолданбалы микропроцессор құрастырды.
Бұл инновациялық жаңалық экологияға оң әсер етпек. Айта кетсек, қолданыстан шығып қалған электрониканың бөлшектері қоқысқа айналып, қоршаған ортаны ластауда. Болашақта компьютердің толық құрылымы биоматериалдардан жасалуы да әбден мүмкін.
Висконсин ғалымдары зерттеу жұмыстары Nature Communications ғылыми басылымында жариялады. Бұл инновациялық жаңалықтың ашылуына АҚШ-тың ауылшарушылық өнімі департаментінің зертханасы қолдау көрсеткен.
Микропроцессордың корпусы толығымен ағаштан тұрады. Ал электронды ақпаратты өңдеумен айналысатын бөлігі қағаздан жасалып, нанофибрилл (CNF) атауына ие болған. CNF процессордегі ақпаратты тасымалдайтын өткізгіштік жүйе болып саналады.
«Біздің микропроцессор экологиялық таза құрылыммен қамтылды. Чип техникалық қызметтен шыққан кезде, оны еш уайымсыз табиғи тыңайтқыш ретінде қолдануға болады», - дейді жоба жетекшісі, профессор Женкьянг Ма.
Ағашты жаңа технологияның негізгі шикізаты ретінде пайдаланудың бірнеше проблемасы бар. Олардың бірі ағаштың ылғал әсерінен ісініп кетуі болып отыр. Ғалымдар суды ылғалдан қорғау үшін корпустың сыртын шынымен көмкерген.
Міне осылай заманауи технологияның алғашқы биологиялық өнімі құрастырылды. Бұл қоршаған ортаға зиян келтірмейтін арзан өнім болмақ.
Ж. Өрісбай