- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытай үкіметі ғаламторды...
Қытай үкіметі ғаламторды жаңартуға $182 миллиард жұмсайды
Қытай үкіметі ел аумағындағы интернет құрылымын толығымен жаңарту жұмыстарына бағытталған жаңа бағдарламаның басталғанын мәлімдеді. Бағдарлама аясында бүкіл Қытай территориясы 4G интернет желісімен қамтасамыз етіледі. Алдағы екі жылда жүзеге асырылатын жаңарту үдерісіне 182 миллиард АҚШ доллары бөлінбек.
Қытай үкіметі басшысысымен болған ресми кездесу барысында бағдарлама жоспары толығымен талқыланды. Айта кетсек, ағымдағы жылдың соңына дейін құрылып бітуі тиіс жаңа желілер үшін $69,3 миллиард қаржы бөлінбек. Ал қалған 112,8 миллиард АҚШ доллары 2017 жылға дейін жалғасатын интернет құрылымын жаңарту жұмыстарына жұмсалады.
Аспан асты елінің ауқымды бағдарламасын Ұлыбритания үкіметінің сүбелі жұмыстарымен салыстыра кетсек. Ұлыбритания үкіметі бірнеше жылдар аясында интернет қоғамын дамыту мақсатында 1,22 миллиард АҚШ долларын жұмсаған. Бұл елдегі әрбір белсенді ғаламтор қолданушысы үшін 20 АҚШ долларынан бөлінгенін көрсетеді. Ал Қытайдың осынау бағдарламасы әрбір ел азаматына 132 АҚШ долларынан жұмсалатынын айғақтайды.
Қытай үкіметі бастаған екі жылдық интернет реформасынан кейін желінің үзілуі сынды проблемалар орын алмайтын болады. Негізі елдегі интернеттің осал болуы 2003 жылы іске қосылған «Алтын қалқан» мониторингтік жүйесімен байланысты. Себебі аталған үкіметтік жүйе ел аумағында қолданылатын шетелдік интернет ресурстарын саралаумен айналысады. Осы жүйе жұмысының арқасында Қытай азаматтары Google, Facebook, Youtube, Bloomberg, New York Times, eBay, Wikipеdia (жартылай), Insagram және Twitter сынды интернет қызметтерін қолдана алмайды. Қытайдың бұл интернет қызметтерін ауыстыра алатын отандық платформалары бар. Айта кетсек, олар Baidu, Renren, Sina Weibo, Youku Tudou, Hudong, Wechat және TaoBao интернет қызметтері.
Қытай үкіметінің ресми өкілдері 2017 жылға қарай секундына 100-мегабитті жылдамдықпен жұмыс істейтін интернет желісінің Қытай ауылдарының 80%-ын қамтитынын айтады. Ал секундына 30 Мбит жылдамдықты 4G интернет желісі барлық қалаларға жеткізіледі.
Ұқсас жазбалар:
Гонконг – әлемдегі ең бай қалалардың бірі
Ж. Өрісбай