Телефон қуаттағышы бар сөмке шығады

Телефон қуаттағышы бар сөмке шығады
Фото: plus.google.com

Қазіргі ақпараттық заманда біз күн ара бір «ақылды технологияның» жаңалығын естіп жатамыз. Әсіресе бұл саптан Apple өнімдері де қалар емес.

Қазірде кез келген жерге, тіпті автобусқа да Wi-Fi қондырылып жатыр. Жиһаздар девайстарды қуаттайтын қасиетті иеленіп, бір пәрмен арқылы үлкен ғимаратты да билеуге болатын заманға жеттік. Енді әйел затының сөмкесі де қатардан қалмай, өзіне тән ерекшелікке ие болады.

Kate Spade New York дизайнерлік үйі Everpurse стартапымен бірігіп, жаңа күзгі сөмкелер топтамасын жасауда. Ол сөмкенің ерекшелігі — гаджетіңізді салып, қуаттай аласыз. Оның ішінде Lightning кабелі орнатылған, демек iPhone 5, 6 девайстарымен жаңа планшеттерді қуаттап ала аласыз.

Ең қызығы, сізге сөмкені розеткаға қосып, қуаттаудың қажеті жоқ. Үйге келгенде арнайы сымсыз кілемшенің үстіне қойып-ақ қуаттап аласыз.

Бұл сөмкелер қыркүйек айында 198 бен 698 доллар арасында сатылымға шығады. Оны Spade New York дүкендерінен немесе Kate Spade online, Nordstrom және Everpurse.com сайттарынан сатып алуға болады.

Ал сіз мұндай сөмкені алар ма едіңіз?

Ұқсас жазбалар:

Жазғы образды бірге таңдайық

10 секундта жасалатын макияж (видео)

Ф. Абилова