Қытайда Android-қа жаңа бәсекелес пайда болды

Қытайда Android-қа жаңа бәсекелес пайда болды
Фото: thenextweb.com

Қытайлық Tencent компаниясы «ақылды» сағаттарды, теледидар және басқа да құрылғыларды интернетке қосуға арналған жаңа операциялық жүйе ұсынды. Өткен жылғы талқы бойынша, компания осы жүйедегі тұтынушылар санын арттыруды мақсат тұтады. Tencent немесе TOS+ операциялық жүйесі құрылғы қолданушыларына толықтай тегін қызмет етеді.

Компанияның операциялық бас директоры Марк Рен платформаның оперциялық жүйемен интеградталған сервис арқылы ақша табуға болатынын, басқа өндірушілерге қарағанда мүмкіндігі мол әлеуметтік қызмет ұсынатынын мәлімдеді. Одан басқа қолданушылар смартфон арқылы теледидарда ойнауға, сағат көмегімен электронды сауда жасауға мүмкіндік алады.

Android-қа балама жүйе жасап шығаруға талпынған алғашқы компания Tencent емес. Біраз уақыт бұрын Alibaba компаниясы осыған ұқсас платформа ұсынған болатын. Қытайлық Xiaomi компаниясы да бәсекелестерінен қалмай, смартфон жұмысын оңтайландыратын балама жүйе жасап шығарды. Ал корейлік алпауыт Samsung өзінің Tizen ОЖ-мен әлемдегі үздік жоба ұсынуға талпынуда. Бірақ әлі күнге Android-пен тең түсетін бәсекелес табылмай келеді.

Ұқсас жазбалар:

Xiaomi смартфондар нарығында алғаш рет Samsung-ты басып озды

Android жүйесі қандай мүмкіндікке ие?

@. @assel_assanova