«YouTube» жүйесіне қазақ тілі қосылды

«YouTube» жүйесіне қазақ тілі қосылды

Бүкіл әлемге танымал «YouTube» видеохостингі жаңа 15 тілмен толықты. Олардың қатарында қазақ тілі де бар.

- «Google» компаниясының интернет-сервисі – «YouTube» тағы 15 тілмен толығып отыр. Нәтижесінде видеохостинг әлемнің 76 тілінде қызмет көрсете алатын болады, - дейді сайт қызметкерлері.

Бүгінде «YouTube» видеохостингін ғаламтор пайдаланушыларының 95 %-ы қолданып келеді. Сайттағы видеолар күнделікті шамамен 2 миллиард рет көріледі.

«YouTube» видеохостингіне қазақ тілінен өзге әзірбайжан, армян, бирман, грузин, кхмер, қырғыз, лаос, македон, моңғол, непаль, пенджаби, сингаль, албан, өзбек тілдері де енді. Бұл қолданушылардың іздеу жұмыстарын жеңілдетпек.

Қателіктердің де барын байқауға болады

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың желтоқсанында қазақ тілі «Google Translate» жүйесіне енгізілген еді. Ал екі жыл бұрын «Wikibilim» қоғамдық қоры қазақ тілін жаһандық «Google Translate» аударма сервисіне енгізу бойынша жобаны іске қосқан болатын.  

Сурет: youtube.com

О. Сансызбай