Epic Skateboards электрлі скейтборд жасап шығарды

Epic Skateboards электрлі скейтборд жасап шығарды

Epic Skateboards атты аустралиялық компания тарихта қалатын жаңалық ашты. Компания Dominator 3200 Pro атты электрлі скейтборд жасап шығарды. Бұл скейтбордтың ерекшелігі – әр дөңгелегі 800 Вт-тық жеке-жеке мотормен жабдықталған.

Қозғалтқыштың жалпы қуаты 3200 Вт-қа тең. Тағы бір ерекшелігі ол кедір-бұдырлы жерлерден еш қиындықсыз өтеді екен. Оған қоса, кішкентай ғана электрлі скейтборд сағатына 42 километр қашықтықты бағындыра алады.

Оның арнайы шиналары кез-келген кедергіден өтеді. Салмағы 31,4 килограммды құрайтын скейтборд максималды жылдамдықты 5 секундтың ішінде ала алады. Оған қоса, тапаншаға ұқсайтын арнайы басқарғыш құрылғысы арқылы басқарылады.

"Электрлі болғаннан кейін, оны қуаттау керек қой" деген мәселе туындары анық. Электрлі скейтбордты 36 V батереялар қуат көзімен қамтамасыз етіп отырады. Осы батареямен скейтборд бес сағатың ішінде толық қайта қуатталады. Компания басшылығы бұл "туындыларын" 1715 АҚШ долларына бағалаған екен. 

Сурет: 24gadget.ru

Е. Жұмабайұлы