Ең қымбат iPhone 6 шағын аралдың бағасымен сатылуда (Видео)

Ең қымбат iPhone 6 шағын аралдың бағасымен сатылуда (Видео)

Бағасы шамамен 3,5 миллион АҚШ доллары тұратын аппаратты Goldgenie компаниясы сатылымға шығарды, – жазады 24.kz.

Әлемдегі ең қымбат гаджет 24 караттық алтынмен апталып, гауһар тастармен күптелген.

Тұтынушының қалауына қарай бұл аппаратты платинамен және өзге асыл тастармен қаптауға болады. 

Эксклюзивті және ең қымбат заттарды сатумен айналысатын Goldgenie компаниясының өнімдерін осы кезге дейін Дэвид Бекхэм, Усейн Болт және Пи Дидди сатып алғандығын атап өтейік.

сурет: ytimg.com

Е. Қайрахан