- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Америкалықтар Сатурн спутнигіне...
Америкалықтар Сатурн спутнигіне сүңгуір қайық жібереді
Америкалық ғарыш агенттігі (NASA) Сатурнның Титан атты спутнигіндегі Кракен полярлық теңізін зерттемек, деп хабарлайды inform.kz.
Флоридадағы NASA институтында көмірсутекті теңіздерді зерттеуге жөнелтілетін сүңгуір қайықтың үлгісі көрсетілді.
Қайықты ұшыру миссиясы 2040 жылға жоспарланған. Аппарат сағатына 3,6 км жылдамдықпен 2 мың шақырым жерді сүзіп шығуы керек.
Титанда этан мен метаннан тұратын үш полярлық теңіз анықталды. NASA инженерлері әзірлеген сүңгуір қайық олардың ең үлкені - Кракен теңізін зерттейді. Оның аумағы 400 мың шаршы метр, ал тереңдігі шамамен 160-300 метр болады.
сурет: iloveastronomy.ru
Е. Қайрахан