Facebook желісін пайдаланушылардың саны 1,38 миллиардқа жетті

Facebook желісін пайдаланушылардың саны 1,38 миллиардқа жетті

Facebook әлеуметтік желісіне бір айда кіретін пайдаланушылардың саны 2014 жылғы 4 тоқсанда 2,2 пайызға артып, 1, 38 миллиардты құрады, деп жазады inform.kz. Бұл деректер компанияның тоқсандық есебінде жазылған.

Компанияның тарихта алғаш рет бір жылда $10 миллиардтан аса пайда тауып отыр:  2014 жылы Facebook $12,47 милиард табыс тапқан. Бұл 2013 жылғы түсіммен салыстырғанда, 58%-ға көп.

2014 жылғы төртінші тоқсанда үшінші тоқсан нәтижелерінен 49 пайызға артып, 3,85 миллиард долларды құрады. Ол кезде компания 3,77 млрд. пайда тапқан.

2014 жылғы үшінші тоқсанда ай сайынғы желіні пайдаланушылардың саны 1,35 миллиард болған еді.

сурет: netdna-ssl.com

Е. Қайрахан